Subscribe to Updates
Get the latest creative news from FooBar about art, design and business.
Автор: tas_admin
Алматыда екі қаланың туризм саласы мен бизнес өкілдерін біріктірген «Пусан күні» өтті. Іс-шараға 100-ге жуық адам қатысты. Қатысушылар Пусанның туристік әлеуетімен, мәдениетімен, сондай-ақ туризм, косметика және кәдесый өнімдері саласында жұмыс істейтін корей компанияларымен танысты. «Пусан күнін» өткізу Алматы мен Пусан арасындағы тікелей байланысты одан әрі дамытуға мүмкіндік берді. 2026 жылы 1 мамырдан бастап Eastar Jet әуе компаниясы Алматы – Пусан бағыты бойынша аптасына екі рет тікелей рейс орындайды. Ұшу уақыты шамамен алты сағат. Бұл екі қала арасындағы сапарды жеңілдетіп, туризм саласындағы байланысты арттыруға ықпал етеді. Алматыға Оңтүстік Кореядан келетін туристер саны да артып келеді. 2025 жылы қалаға Корея Республикасынан 23,2…
Алматының атмосфералық ауасын қорғау қағидаларын енгізу жөніндегі жұмыс тобы Шығыс Еуропада төмен шығарындылар аймағы – LEZ алғаш енгізілген София қаласының тәжірибесін зерделеді. Делегация құрамына Almaty Air Initiative, «Eco Almaty» ЖШС, LEZ операторы – «Алматы Паркинг» КМК өкілдері, сондай-ақ Алматының атмосфералық ауасын қорғау қағидаларын әзірлеу және енгізу жөніндегі жұмыс тобының мүшелері кірді. Софияда олар муниципалитет өкілдерімен, сарапшылармен, қалалық кеңес депутатымен және дәрігерлер қауымдастығының өкілімен кездесті. Almaty Air Initiative мәліметінше, LEZ іске қосылғаннан кейін Софиядағы ереже бұзушылық саны шамамен 93% азайған. Төмен экологиялық санаттағы автокөліктер саны тәулігіне шамамен 20 мыңнан 2026 жылғы ақпанда 1,3-1,4 мыңға дейін төмендеді. Бұл ретте айыппұлдарды толық көлемде…
В Казахстане формируется единая цифровая экосистема дорожной отрасли E-Joldar. Платформа объединит информацию об автомобильных дорогах, строительстве и ремонтах, используемых материалах, лабораторных испытаниях, придорожной инфраструктуре и обращениях граждан. Создание единой цифровой платформы с информацией о строительстве и ремонте дорог было обозначено Главой государства Касым-Жомартом Токаевым в Послании народу Казахстана от 2 сентября 2024 года как один из инструментов усиления общественного контроля. В основе E-Joldar заложен принцип объединения данных вокруг конкретной дороги или ее участка. Пользователи смогут видеть технические характеристики объекта, историю ремонтов, информацию об использованных материалах, результаты лабораторного контроля, объекты придорожного сервиса и другие связанные сведения. При этом E-Joldar не заменяет…
Жетісу облысында полиция қызметкерлері есірткі заттарын заңсыз сақтап, таратумен айналысты деген күдікпен 19 жастағы жас жігітті ұстады. Полицияның мәліметінше, автокөлікті тінту кезінде скотчпен оралған пакет анықталды. Оның ішінен әрі қарай таратуға дайындалған ұнтақ тәрізді зат салынған 310 орама тәркіленді. Сараптама қорытындысына қарағанда, тәркіленген заттардың арасынан психотроптық және есірткі заттары анықталды. «Атап айтқанда, 65 грамнан астам мефедрон, 79 грамнан астам α-PVP және шамамен 17 грамм гашиш болған. Осылайша, полиция қызметкерлері есірткі және психотроптық заттардың ірі партиясының одан әрі таралуына жол бермеді», — делінген хабарламада. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта тыйым салынған заттардың қайдан…
Шестилетнему Альтаиру до права голоса еще 12 лет. Но 23 августа маленький фанат «Кайрата» пришел вместе с отцом на участок, где проходили выборы депутатов Курултая. Пока отец голосовал, Альтаир был рядом. Увлечение мальчика футболом и его симпатию к «Кайрату» можно было заметить и по его образу. «Альтаир с детства увлекается футболом. Он болеет за «Кайрат», а сейчас тренируется в академии клуба. Сегодня я взял его с собой на голосование. На избирательном участке он впервые, поэтому ему интересно посмотреть, что здесь происходит», — рассказал отец мальчика. Пока отец предъявлял документ, получал бюллетень и голосовал, Альтаир оставался рядом. В этот раз он…
Алматы облысы Қарасай ауданының №472 сайлау учаскесінде дауыс беру күні ерекше жағдай орын алды. Аудан тұрғыны Валерий Малофеев сайлау учаскесіне CESSNA 172 ұшағымен арнайы келіп, Құрылтай депутаттарын сайлауда өз таңдауын жасады. Валерий Владимировичтің айтуынша, ол сайлауға үнемі қатысып, дауыс беруді азаматтық міндеті деп санайды. Бұл жолы сайлау учаскесіне әуе көлігімен келуі оның дауыс беру күнін өзгеше форматта өткізуіне себеп болды. CESSNA 172 ұшағымен келген сайлаушы бірден учаскедегі тұрғындардың назарын аударды. Ұшақпен келуінің басты мақсаты – сайлауға қатысып, өз дауысын беру болған. Ұшақ қонғаннан кейін Валерий Малофеев №472 сайлау учаскесіне барып, белгіленген тәртіппен дауыс берді. Сайлаушының айтуынша, дауыс беру – әр…
23 тамызда Құрылтай сайлауы күні Алматы облысының Қарасай ауданында азаматтық белсенділікті арттыруға бағытталған ерекше акция өтті. Кәсіби парапланшы Джунусов Искендер сайлау учаскесіне көктен қалықтап ұшып келіп, өз таңдауын жасады. Бұл ерекше қадам – ел болашағына деген биік мақсаттар мен азаматтық белсенділіктің жаңа символына айналды. Искендер көк аспанда «Құрылтай» деген жазуы бар жалауды желбіретіп, жұртшылықты саяси науқанға белсене қатысуға шақырды. «Менің кәсібім мен хоббиім әрқашан биіктікпен байланысты. Бүгінгі “Құрылтай” сайлауы да еліміздің жаңа биіктерді бағындыруына жол ашатын маңызды қадам деп есептеймін. Сайлау учаскесіне әуе жолымен келу арқылы мен әрбір қазақстандықтың таңдауы елдің болашақ бағытын анықтайтынын көрсеткім келді. Біздің болашағымыз – ашық…
Необычный способ голосования выбрал профессиональный парапланерист Искендер Джунусов. Он прибыл к избирательному участку по воздуху. Спортсмен совершил эффектный полёт, после чего принял участие в голосовании в Карасайском районе Алматинской области. В ходе акции был использован символический элемент с надписью «Құрылтай», подчеркнувший особую значимость дня. Необычный формат стал ярким примером гражданской активности и оригинальным способом привлечь внимание жителей, особенно молодежи, к участию в выборах. Яркая акция вызвала интерес у жителей и стала одним из запоминающихся событий дня голосования. ИСКЕНДЕР ДЖУНУСХОДЖАЕВ, ИНСТРУКТОР-ПАРАПЛАНЕРИСТ: «Я своим необычным появлением на выборы в Курултай хотел показать, чтобы все приходили, голосовали, участвовали в жизнедеятельности страны, были менее…
Қытайлық құрылысшылар мен арнайы жер сорғыш кемелер Оңтүстік Қытай теңізінде жаңа жасанды арал жасаудың негізгі кезеңін аяқтады. Vantor компаниясының спутниктік суреттеріне жасалған талдау мен сарапшылардың бағалауынша, Қытай Парасель архипелагындағы бұрын таяз әрі су басып жатқан рифті небәрі 10 айдың ішінде ірі құрлық нысанына айналдырған, — деп хабарлайды Tasnews.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. Жасанды түрде кеңейтілген аумақ шамамен 600 гектарды алып жатыр. Бұл рифті Парасель аралдарындағы ғана емес, бүкіл Оңтүстік Қытай теңізіндегі Қытайдың ең ірі нысандарының біріне айналдыруы мүмкін. Құрылыс ауқымы мен инфрақұрылымы OSINT-зерттеушілер жер бедерінің өзгеруі мен жер сорғыш кемелердің жұмысын алғаш рет 2025 жылдың аяғында тіркеген. Бір жылға жетпейтін…
Эквадорда өтіп жатқан дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына екінші алтын медаль түсті, деп хабарлайды Tasnews.kz тілшісі Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап. Қыздар арасында 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Фатима Сұпығалиева қарсылас шақ келтірмей, әлем чемпионы атанды. Финалда ол украиналық Ксения Кирильчуктан басым түсті. Белдесудің негізгі уақыты тең аяқталып, жеңімпаз қосымша уақытта (golden score) анықталды. Шешуші сәтте отандасымыз ұтымды әдіс жасап, қарсыласын иппонмен жеңді. Осылайша, Фатима Сұпығалиева Қазақстан дзюдосы тарихында қыздар арасында әлем чемпионы атанған тұңғыш дзюдошы ретінде тарихқа енді. Сондай-ақ Інжу Жұмажан (-57 кг) күміс жүлдеге ие болса, Ерік Үсенов (-66 кг) пен Бекәли Еркен (-73 кг)…
