Subscribe to Updates
Get the latest creative news from FooBar about art, design and business.
Автор: tas_admin
Жол инфрақұрылымының сапасы жекелеген нысандарды тексерумен ғана шектелмейді. Жолды жобалау, салу, жөндеу және пайдалану кезеңдерінің барлығында сапаны бағалаудың нақты әрі бірізді тәсілдері қажет. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жол құрылысының сапасын бағалау жүйесін қайта қарау және құрылыс жұмыстарының барлық кезеңінде бақылауды күшейту қажеттігін атап өтті. Мемлекет басшысы Ұлттық жол активтері сапасының орталығының жұмысын да күшейтуді тапсырды. JOLSAPA үшін жол сапасын бақылау — негізгі жұмыс бағыттарының бірі. Орталық мамандары жол-құрылыс материалдарының сапасын зертханалық сынақтар арқылы бағалайды, орындалған жұмыстардың белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді, технологиялық бұзушылықтар мен ақауларды анықтайды. 2026 жылдың басынан бері жергілікті жолдарда 15 мыңнан астам жол-құрылыс материалының сынамасы зерттелді. Зертханалық…
С начала 2026 года Жол Сапа (Национальный центр качества дорожных активов) на местной дорожной сети исследовал более 15 тыс. проб дорожных материалов. По результатам лабораторных испытаний 32% из них не соответствуют установленным требованиям. Данные были озвучены в Астане в рамках семинара-совещания «Качественные дороги: от планирования до эксплуатации», организованного при Министерстве транспорта Республики Казахстан с участием представителей регионов и филиалов Жол Сапа. Результаты исследований показывают, что вопрос качества местных дорог остается актуальным уже на этапе применения дорожных материалов. Лабораторные испытания позволяют своевременно выявлять несоответствия и принимать меры до того, как они повлияют на качество и срок службы дорожного объекта. При этом…
Алматы облысында «Жол активтері сапасының Ұлттық орталығы» мамандары республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының құрылысы, жөнделуі және күтіп-ұсталуы сынды жұмыстардың сапасына бақылау күшейтті. Нәтижесінде Алматы облысындағы республикалық жолдардан алынатын сынамалардың сапасы арта бастаған. Мәселен, жыл басынан сапа сараптамасы бойынша құрылыс және жөндеу нысандарына 39 шығу жүзеге асырылып, 229 жол құрылыс материалдары (ЖҚМ) алынған, оның 71-і (31%) нормаға сәйкес емес, 158-і сәйкес болды. Қазіргі таңда Республикалық желілерде 2026 жылы 12 жоба іске асырылуда, оның ішінде қайта жаңғырту 1, күрделі жөндеу 1, орташа жөндеу 10 жоба, олардың жалпы ұзындығы 315 шақырым. Күтіп-ұстау жұмыстары бойынша 82 шығу жасалған, 40 жол құрылыс материалдары (ЖҚМ) алынып, барлығы…
Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болу фактісі бойынша тергеу жалғасуда. Оқиға орнына қарап-тексеру жүргізіліп, 30-дан астам әскери қызметшіден жауап алынды, құжаттар мен бейнематериалдар тәркіленді. 12 сараптама тағайындалды. Қызметке салғырт қарады деп күдік келтірілген, сондай-ақ метеорологиялық жағдайларды ескере отырып, жеке құрамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тиісті бақылау мен қажетті шаралардың қабылдануын қамтамасыз етпеген, құтқару жұмыстарын тиісінше ұйымдастырмаған, соның салдарынан адамдардың қаза болуына әкеп соққан лауазымды тұлғалар анықталды. Тергеу барлық күдіктінің әрекетіне толық құқықтық баға беріп, оларға қатысты процестік шара қабылдайды.
Бұқар жырау көшесінен Тимирязев көшесіне дейінгі Есентай жағалауының бойында жаңа қалалық арт-бағыт жасалады. Кәдімгі сұр бетон қабырғалардың орнына мұнда Алматыға арналған жағалау бойына созылған көркем композиция пайда болады. Жобаның негізіне қала туралы әннің жолдары алынған. Олар серуен бағытының бойына кезең-кезеңімен орналастырылады. Шығарма жағалау бойымен жүрген сайын біртіндеп көрініп, тұтас бір хикаяға айналады. Ал QR-код арқылы әнді тыңдап, композициядан оның мәтініндегі жолдарды тауып, арт-бағытты бойлай серуендеуге болады. Стрит-арт нысаны қозғалыс үстінде тамашалауға арналған. Яғни, жағалау бойымен жүрген сайын композицияның жаңа бөлігі ашылып, көркем хикая жалғаса береді. Бетон беттерін безендіру үшін сыртқы жұмыстарға арналған кәсіби қасбет бояуы және Arton арнайы граффити бояуы…
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сеулге мемлекеттік сапары аясында Біріккен Ұлттар Ұйымының 8-ші Бас хатшысы, Жаһандық жасыл даму институтының (GGGI) төрағасы Пан Ги Мунмен жүздесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Мемлекет басшысы дамушы елдердің «жасыл экономика» моделіне көшуіне қолдау білдіретін GGGI қызметінің маңызына тоқталды. Ол әлеуметтік тұрақтылықты, климат өзгерістеріне төзімділікті және экономикалық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған. Пан Ги Мун Қазақстанның орнықты даму саласындағы табыстарын құптап, дүниежүзілік климат күн тәртібі аясында ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін мәлімдеді. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Пан Ги Мун Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалау және оны қазіргі заман талабына бейімдеу туралы пікір алмасты. Айта кетелік Қасым-Жомарт Тоқаев Корея…
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оқушылардың мектепке орамал тағып баруына қатысты өз ұстанымын жариялады, деп жазады sputnik.kz. «Ислам шариғаты бойынша балиғат жасына жеткен мұсылман қызға орамал тағу – парыз. Бұл мәселедегі діни үкім өзгермейді. ҚМДБ бұған дейін де осы ұстанымды ашық білдіріп, мектеп жасындағы қыздардың білім алуына кедергі клетірмей, діни міндетін орындауына мүмкіндік беретін оңтайлы шешім қабылдау жөнінде тиісті органдарға ұсыныстарын жеткізген», — деп хабарлады мүфтият. Атап айтқанда, мектеп формасының жалпы үлгісі мен түсіне үйлесетін орамалға рұқсат беру ұсынылған. «Біздің пайымымызша, оқушының орамал тағуы оның білім алуына кедергі болмауы тиіс. Сол секілді білім беру ұйымдарының мұсылман қыздардың діни ұстанымына түсіністік танытуы…
Астанада жедел жәрдем фельдшері Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Бүгін қорғау тарабы құрылыс саласының маманы Вероника Лобаеваны арнайы шақырды және тұрғын үйдің қасбеті не себепті құлағанын сұрады. В. Лобаева соттың құрылыс-техникалық сараптамасына пікір білдірді және сыртқы қабырғалардың кірпіш қалау жұмыстары жобалық, типтік және нормативтік талаптарға сәйкес келмегенін мәлімдеді. Атап айтқанда, оның айтуынша, жобада қарастырылған D69 түйіні биіктігі бес қабатқа дейінгі ғимараттарға арналған. Ал қасбеті құлаған тұрғын үйдің биіктігі — тоғыз қабат және тағы техникалық қабаты бар. — «Бұл D69 түйіні тек бес қабатқа дейінгі ғимараттарға қолданылады. Оны тоғыз қабатты үйге пайдалануға болмайды. Себебі бұл типтік серияда ешқандай…
Алматы қаласы әкімдігінің Мәдениет басқармасы қолдауымен 50 жастан асқан әуесқой өнерпаздар арасында «Алматыны аяла!» қалалық өнер байқауы өтеді. Байқаудың басты мақсаты – аға буын өкілдерінің шығармашылық әлеуетін қолдау, өнерін насихаттау және олардың қаланың қоғамдық-мәдени өміріне белсенді араласуына мүмкіндік жасау. Жоба аясында қатысушылар ән, күй және би өнеріндегі шеберлігін танытып қана қоймай, шығармашылық тәжірибе алмасуға мүмкіндік алады. Байқауға Алматы қаласында тұратын 50 жастан асқан әуесқой өнерпаздар мен шығармашылық ұжымдар қатыса алады. Қатысушылар үш бағыт бойынша өнер көрсетеді: • Ән (вокал) – эстрадалық, халықтық және академиялық вокал. Байқауға жеке орындаушылар, дуэттер, триолар және шағын шығармашылық топтар қатыса алады. • Күй (аспаптық өнер)…
Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында 5-6 қыркүйекте Almaty Pop Up Store өтеді. Бұл Қазақстанның әр қаласынан 50-ден астам дизайнер мен кәсіпкерді біріктіретін жергілікті брендтер фестивалі. Бір алаңда киім мен аксессуарлар, әшекей бұйымдар, интерьер заттары, косметика, үйге арналған тауар және авторлық жобалар ұсынылады. Бағдарламада сондай-ақ гастрономиялық аймақ, серіктестердің арнайы жобалары және музыкалық қойылымдар бар. Екі күн бойы сахнада Lelya, Adina Topash, Kezeñ, Kyle Ruh, menrasaitam және Erlan.smp өнер көрсетеді. Фестиваль сән, дизайн, қолөнер және креативті индустрияның өзге де бағыт өкілдерін біріктіріп, заманауи қазақстандық брендтермен және олардың авторымен танысуға мүмкіндік береді. Almaty Pop Up Store сағат 12:00-ден 20:00-ге дейін…
