Close Menu
Tasnews — ақпарат агенттігіTasnews — ақпарат агенттігі

    Subscribe to Updates

    Get the latest creative news from FooBar about art, design and business.

    What's Hot

    Тоқаев пен Пан Ги Мун БҰҰ реформасы туралы пікір алмасты

    14.09.2026

    Оқушының орамал тағуы оның білім алуына кедергі болмауы тиіс — мүфтият

    10.09.2026

    Фельдшер қазасы: Тоғыз қабатты үйге бес қабаттық конструкция қолданылған

    09.09.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest Vimeo
    Tasnews — ақпарат агенттігіTasnews — ақпарат агенттігі
    • Басты бет
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Технология
    • Әлем
    • Спорт
    • Туризм
    Subscribe
    Tasnews — ақпарат агенттігіTasnews — ақпарат агенттігі
    Home»Әлем жаңалықтары»Қытай Оңтүстік Қытай теңізінде алып жасанды арал салды — БАҚ
    Әлем жаңалықтары

    Қытай Оңтүстік Қытай теңізінде алып жасанды арал салды — БАҚ

    tas_adminBy tas_admin23.08.2026Updated:14.09.2026Комментариев нет3 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Қытайлық құрылысшылар мен арнайы жер сорғыш кемелер Оңтүстік Қытай теңізінде жаңа жасанды арал жасаудың негізгі кезеңін аяқтады. Vantor компаниясының спутниктік суреттеріне жасалған талдау мен сарапшылардың бағалауынша, Қытай Парасель архипелагындағы бұрын таяз әрі су басып жатқан рифті небәрі 10 айдың ішінде ірі құрлық нысанына айналдырған, — деп хабарлайды Tasnews.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

    Жасанды түрде кеңейтілген аумақ шамамен 600 гектарды алып жатыр. Бұл рифті Парасель аралдарындағы ғана емес, бүкіл Оңтүстік Қытай теңізіндегі Қытайдың ең ірі нысандарының біріне айналдыруы мүмкін.

    Құрылыс ауқымы мен инфрақұрылымы

    OSINT-зерттеушілер жер бедерінің өзгеруі мен жер сорғыш кемелердің жұмысын алғаш рет 2025 жылдың аяғында тіркеген. Бір жылға жетпейтін уақыт ішінде теңіз айдынының келбеті түбегейлі өзгерген.

    Ұзындығы мен пішіні

    Пайда болған құрлық жолағы шамамен 6 шақырымға созылған. Аралдың солтүстік-батыс бөлігінде ұзындығы 3 шақырымнан асатын түзу жағалау қалыптасқан. Сарапшылардың пікірінше, бұл жер ауыр авиация мен стратегиялық бомбалаушы ұшақтарға арналған тұрақты ұшу-қону жолағын салуға қолайлы.

    Терең су айлағы

    PortNews мәліметінше, аралда ұзындығы 680 метрлік айлақ салынып қойған. Рифтің лагунасы Қытай жағалау күзетінің ірі кемелерін, жабдықтау кемелерін және теңіз жасақтарын қабылдап, оларға қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін терең су айлағына айналдырылған.

    Алғашқы нысандар

    Спутниктік суреттерден сұр шатырлы 50-ден аса ғимарат, тікұшақ алаңы, ірі әкімшілік немесе қойма нысанының іргетасы, сондай-ақ, жеке бетон зауыты мен жылжымалы электр станциялары байқалған.

    Стратегиялық мәні және Тайвань факторы

    Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығының (CSIS) және Lowy зерттеу институтының сарапшылары Бейжің 2017 жылдан бері алғаш рет арал аумағын жасанды түрде ұлғайту жұмыстарын қайта жандандырғанын атап өтті.

    PLATracker платформасының әскери сарапшылары Оңтүстік Қытай теңізінің солтүстік бөлігінде база орналастыру Тайвань төңірегіндегі жағдай шиеленісе қалған жағдайда айрықша маңызға ие болатынын айтады. Мұндай нысан Қытайға Баши бұғазына апаратын бағыттарды бақылауға, сондай-ақ әуе шабуылына қарсы қорғаныс, радиоэлектрондық күрес және радиолокациялық бақылау жүйелерінің қамту ауқымын Вьетнам мен Филиппин бағытына қарай кеңейтуге мүмкіндік береді.

    Тараптардың ұстанымы

    1974 жылдан бері Парасель аралдарына қатысты Қытаймен егемендік дауын жүргізіп келе жатқан Вьетнам билігі бұл құрылысты халықаралық құқықтағы қалыптасқан жағдайды тікелей бұзу деп санайды.

    Ал Қытайдың мемлекеттік ақпарат құралдары мен сарапшылары нысан азаматтық мақсатта салынып жатқанын айтады. Олардың айтуынша, ол гидрометеорологиялық бақылау жүргізуге, кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ашық теңізде іздестіру-құтқару жұмыстарын атқаруға арналған.

    Еске салайық, маусымда Қытай Тайвань аралының шығысындағы суларда теңіз заңнамасының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған арнайы операция бастаған еді. Ресми мәлімдемеде оның мақсаты Қытайдың теңіздегі әкімшілік құзыретін жүзеге асыру, маңызды акваторияларда патрульдеу мен кеме қозғалысын бақылау мүмкіндігін күшейту, теңіз қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ұлттық құқықтар мен мүдделерді қорғау екені айтылған.

    2025 жылдың аяғында Қытай Тайвань маңында ауқымды әскери жаттығу өткізді.

     

    Арал Қытай
    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    tas_admin
    • Website

    Related Posts

    Тоқаев пен Пан Ги Мун БҰҰ реформасы туралы пікір алмасты

    14.09.2026

    Оқушының орамал тағуы оның білім алуына кедергі болмауы тиіс — мүфтият

    10.09.2026

    Фельдшер қазасы: Тоғыз қабатты үйге бес қабаттық конструкция қолданылған

    09.09.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    Свежие записи
    • Тоқаев пен Пан Ги Мун БҰҰ реформасы туралы пікір алмасты
    • Оқушының орамал тағуы оның білім алуына кедергі болмауы тиіс — мүфтият
    • Фельдшер қазасы: Тоғыз қабатты үйге бес қабаттық конструкция қолданылған
    • Алматыда 50 жастан асқан өнерпаздар арасында «Алматыны аяла!» қалалық байқауы басталды
    • Almaty Pop Up Store көрмесінде 50-ден астам жергілікті бренд таныстырылады
    • Алматы мен Пусан арасында туристік байланыс нығайып келеді
    • Алматыдағы төмен шығарындылар аймағын дамыту кезінде София тәжірибесі ескеріледі
    • E-Joldar объединит данные дорожной отрасли Казахстана в единую цифровую экосистему
    • Жетісуда есірткінің ірі партиясын таратпақ болған жас жігіт ұсталды
    Рубрики
    • Featured Posts (8)
    • Featured Tech (4)
    • Health (11)
    • Lifestyle (13)
    • MEDIA (4)
    • Most Viewed (6)
    • Technology (24)
    • World (16)
    • Әлем жаңалықтары (3)
    • Білім және Ғылым (13)
    • Жаңалықтар (21)
    • Қоғам (8)
    • Мәдениет (22)
    • Саясат (16)
    • Спорт (3)
    • Технология (1)
    • Туризм (1)
    • Экономика (28)
    Demo
    Top Posts

    Тоқаев пен Пан Ги Мун БҰҰ реформасы туралы пікір алмасты

    14.09.20260 Views

    Оқушының орамал тағуы оның білім алуына кедергі болмауы тиіс — мүфтият

    10.09.20260 Views

    Фельдшер қазасы: Тоғыз қабатты үйге бес қабаттық конструкция қолданылған

    09.09.20260 Views

    Алматыда 50 жастан асқан өнерпаздар арасында «Алматыны аяла!» қалалық байқауы басталды

    03.09.20260 Views
    Don't Miss
    Әлем жаңалықтары

    Тоқаев пен Пан Ги Мун БҰҰ реформасы туралы пікір алмасты

    By tas_admin14.09.20260

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сеулге мемлекеттік сапары аясында Біріккен Ұлттар Ұйымының 8-ші Бас хатшысы, Жаһандық жасыл…

    Оқушының орамал тағуы оның білім алуына кедергі болмауы тиіс — мүфтият

    10.09.2026

    Фельдшер қазасы: Тоғыз қабатты үйге бес қабаттық конструкция қолданылған

    09.09.2026

    Алматыда 50 жастан асқан өнерпаздар арасында «Алматыны аяла!» қалалық байқауы басталды

    03.09.2026
    Stay In Touch
    • Facebook
    • Twitter
    • Pinterest
    • Instagram
    • YouTube
    • Vimeo

    Subscribe to Updates

    Get the latest creative news from SmartMag about art & design.

    Demo
    About Us
    About Us

    Your source for the lifestyle news. This demo is crafted specifically to exhibit the use of the theme as a lifestyle site. Visit our main page for more demos.

    We're accepting new partnerships right now.

    Email Us: info@example.com
    Contact: +1-320-0123-451

    Facebook X (Twitter) Pinterest YouTube WhatsApp
    Our Picks

    Тоқаев пен Пан Ги Мун БҰҰ реформасы туралы пікір алмасты

    14.09.2026

    Оқушының орамал тағуы оның білім алуына кедергі болмауы тиіс — мүфтият

    10.09.2026

    Фельдшер қазасы: Тоғыз қабатты үйге бес қабаттық конструкция қолданылған

    09.09.2026
    Most Popular

    Выговор от акима получил главврач ЮКО из-за конфликта с медиками

    26.09.20120 Views

    Best Smartwatches With ECG Tracker: Top 10 Must-Have Health Gadgets

    04.01.20200 Views

    Culture Re-View: The New Reichstag & The Architect Behind Our Modern Cities

    05.01.20200 Views
    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Home
    • Buy Now
    © 2026 ThemeSphere. Designed by ThemeSphere.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.