Алматы облысы Қарасай ауданының №472 сайлау учаскесінде дауыс беру күні ерекше жағдай орын алды. Аудан тұрғыны Валерий Малофеев сайлау учаскесіне CESSNA 172 ұшағымен арнайы келіп, Құрылтай депутаттарын сайлауда өз таңдауын жасады.
Валерий Владимировичтің айтуынша, ол сайлауға үнемі қатысып, дауыс беруді азаматтық міндеті деп санайды. Бұл жолы сайлау учаскесіне әуе көлігімен келуі оның дауыс беру күнін өзгеше форматта өткізуіне себеп болды.
CESSNA 172 ұшағымен келген сайлаушы бірден учаскедегі тұрғындардың назарын аударды. Ұшақпен келуінің басты мақсаты – сайлауға қатысып, өз дауысын беру болған.
Ұшақ қонғаннан кейін Валерий Малофеев №472 сайлау учаскесіне барып, белгіленген тәртіппен дауыс берді. Сайлаушының айтуынша, дауыс беру – әр азаматтың өз таңдауын білдіруіне мүмкіндік беретін маңызды процесс.

