Әлем жаңалықтарыЖаңалықтарСпорт

“Реалдың“ бразилиялық форварды Әлем чемпионатындағы сәтсіздіктен кейін келбетін өзгертті

Фото: depositphotos.com

Мадридтік «Реал» мен Бразилия құрамасының шабуылшысы Винисиус Жуниор Әлем чемпионатындағы өнерінен кейін пластикалық ота жасатуға бел буды. Ойыншының келбеті қазірдің өзінде өзгерген, деп хабарлайды tasnews.kz тілшісі tmc.com сайтына сілтеме жасап.

БАҚ мәліметінше, ұлттық құрама ӘЧ-2026-дан шығып қалған бойда Винисиус келбетін өзгерту үшін Гояния қаласына аттанған.

«Кіші-Вини таңдаған иекті үлкейту техникасы — бұл филлер көмегімен бет контурын қалыптастыратын эстетикалық процедура. Ол келбетін байқатпай әрі табиғи түрде түзеткісі келетін спортшылар мен танымал адамдар арасында сұранысқа ие», — деп жазады басылым.

Бұл ретте клиникада құпиялықты барынша сақтау үшін барлық шара қабылданғанымен, ақпарат бәрібір баспасөз беттеріне тарап кетті. Осыдан кейін журналистер Винисиустың жаңа суреттерін мұқият зерттей бастап, көп ұзамай расында айырмашылық байқалатынын анықтады.

Фото: отаға дейін және одан кейін//instagram.com/vinijr/

Еске сала кетейік, бес дүркін Әлем чемпиондары 2026 жылғы мундиальда 1/4 финалға да жете алмады. Команда плей-офф кезеңінің екінші раундында Норвегия құрамасына 1:2 есебімен есе жіберіп, чемпионатпен қоштасты.

Винисиус топтық кезеңде команданың үздік ойыншыларының бірі болды — 4 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді. Алайда плей-оффтың екі матчында бірде-бір нәтижелі іс-қимылымен көзге түсе алмады.

Related posts

Құрылтай феномені сараланды

tas_admin

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөз сөйледі

tas_admin

Leave a Comment