МәдениетЭкономика

Тұңғышбай Жаманқұлов бұрын-соңды ел естімеген шындықты айтты

Белгілі актер әрі ұстаз Тұңғышбай Жаманқұлов Байқоңырдың бұрынғы атауына қатысты тың дерекке ерекше әсерленгенін айтты. 

Өнер иесінің сөзінше, ол жақында Байқоңыр өңірінің ең алғашқы тарихи атауы туралы білген. Актердің айтуынша, бұрын бұл жер «Жеркіндік» деп аталған.

«Жақында Байқоңырдың ел болған кездегі алғашқы атауын естідім. Төбе шашым тік тұрды. Бұрынғы аты – Жеркіндік екен. Дәл сол жерден адамзат ғарышқа ұшып жатыр», – деді ол.

Тұңғышбай Жаманқұлов «Жеркіндік» атауының өзі қазақ халқының терең ойы мен көрегендігін аңғартатынын атап өтті.

Бұл пікір әлеуметтік желіде қызу талқыланып, көпшілік актердің ойын қолдады. Қолданушылар «мұндай сөздерді тыңдай бергің келеді», «Жеркіндік – мағынасы терең, әдемі атау», «бабалар даналығы таңғалдырады» деген мазмұнда жылы пікірлер қалдырған.

Related posts

20 млн тонна: Қазақстан әлемдік мыс қоры бойынша 12-орынға шықты

tas_admin

Қазақстан мен Түркия президенттері Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығына барды

tas_admin

Ақмола облысында Бауыржан Байбектің әкесі жаңа өндіріс ашты

tas_admin

Leave a Comment