ҚоғамСаясатЭкономика

Мемлекет басшысы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа өнеркәсіпті дамыту және ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру мәселелері жөнінде баяндалды, — деп хабарлайды tasnews.kz/ тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президентке өңдеу өнеркәсібінде жүргізіліп жатқан негізгі жұмыстар туралы ақпарат берілді. Премьер-министрдің бірінші орынбасары қосылған құны жоғары өнім шығаруды арттыру және энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту жоспарына тоқталды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысына көлік-логистика инфрақұрылымы мен құрылыс саласын дамыту жайында айтылды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев инфрақұрылымдық жобалардың сапалы жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді, отандық тауар өндірушілерді қолдауды және алдағы жылу беру маусымына дайындық шараларын бақылауды күшейту жөнінде тапсырма берді.

Related posts

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесу өткізді

tas_admin

Мемлекет басшысы Astana LRT жүйесін іске қосу рәсіміне қатысты

tas_admin

Иран компаниясы Қазақстанда май өңдеу зауыты мен құс фабрикасын салады

tas_admin

Leave a Comment