МәдениетЭкономика

Қазақстанның тағы бір қаласында LRT құрылысы басталды

Қазақстанның тағы бір қаласында, дәлірек айтсақ Астананың іргесіндегі Қосшы қаласында LRT құрылысы басталды.  Бүгін LRT-ның екінші кезегі аясында алғашқы тірек құйылып, алғашқы темірбетонды құрастырмалы арқалық дайындалды.

LRT жобасының екінші кезеңін Қосшы қаласы бағытына іске асыру аясында алғашқы тірекке бетон құю жұмыстары орындалды. Сонымен қатар Астана қаласындағы бетон зауытында желінің эстакадалық бөлігіне арналған алғашқы темірбетонды құрастырмалы арқалық дайындалды.

Қосшы қаласы бағыты бойынша барлығы 300-ден астам тірек тұрғызу, 538 темірбетонды құрастырмалы эстакадалық арқалықты, сондай-ақ сегіз монолитті арқалықты монтаждау көзделген.

Жобаны іске асыру елорданың көлік инфрақұрылымын одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек елордадағы LRT мамыр айында ашылады деп уәде берген. Жол жүру құны бір бағытқа 200 теңгені құрайды.

Related posts

Республикалық жыршы-термешілер байқауы өз мәресіне жетті

tas_admin

Трамп Ормуз бұғазында әскери операция басталатынын жариялады

tas_admin

Түркістанда Түркі өркениеті орталығы бой көтереді

tas_admin

Leave a Comment